Бәйдібек ауданында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарында марокко шегірткесінің таралуының алдын алу және онымен күресу мақсатында жоспарлы түрде фитосанитариялық іс-шаралар қолға алынған.
 
Аса қауіпті зиянкес болып саналатын марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін шаралар шеңберінде ауданда зерттелуі тиіс аумақтың жалпы көлемі 60 100 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге дейін 3 600 гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шегірткенің таралу қаупі бар ошақтары анықталды.
 
Атап айтқанда, Бөген ауылдық округі аумағында 680 гектар жер теліміне химиялық өңдеу жүргізу қажеттілігі туындаған. Қазіргі уақытта осы аумақтың 470 гектарына химиялық өңдеу шаралары толық көлемде жүргізілді.
 
Аталған жұмыстар жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы саласының уәкілетті мамандарының бірлескен үйлесімді әрекеті арқылы жүзеге асырылуда. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында зиянкестермен күрес жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
 
Бәйдібек ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі шегірткенің таралуының алдын алу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/979857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді