
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары басталды. Реконструкциялау теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы аясында жүргізілуде.
Жұмыс Орал, Ақсай, Шыңғырлау және Семиглавый Мар бекеттерін қамтиды. Барлық нысандардың тарихи маңызы бар және аймақтағы көлік қолжетімділігін және халықтың ұтқырлығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде облыста 7 бағытқа қызмет көрсететін 14 пойыз бар.
Ең ірі нысан 1983 жылы салынған Орал қаласындағы теміржол вокзалы болмақ. Оның ауданы 5716,1 м², өткізу қабілеті тәулігіне 900 жолаушыға дейін жетеді. Ақсай қаласында 1937 жылы салынған теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтеді; 1916 жылы салынған Семиглавый Мар станциясы мен Шыңғырлау (1936 жылы салынған) да жобаға енгізілген.
Жобаны іске асыру теміржол вокзалдарындағы жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыруға, сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға және жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жоба вокзалдарды сыртқы және ішкі жаңартуды қарастырады. Ғимараттардың сәулеттік келбеті қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтірілетін болады. Ішкі кеңістіктер айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды-олар ыңғайлы, функционалды және қауіпсіз болады. Бұл ретте жобаларды әзірлеу кезінде жұртшылықтың тілектері ескерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/980115?lang=kk
Жауап қалдыру