
«Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде Департамент бастамасымен «Атамекен» ҰҚП-ның облыстық филиалының мәжіліс залында кәсіпкерлердің мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Аталған кездесу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары А. Жүнісов және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Б. Нұрхожаевтың төрағалығымен өткізілді.
Жиынға ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК‑ның (әрі қара-МКК) басшысы Ж. Абатов, Облыстық санитарлық‑эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Г. Сыздықова, Қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрағасы А. Әбдіразақова және бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында, МКК-мен бизнес өкілдері арасында ақылы негізде сарқынды суларға зертханалық талдау жүргізу үшін жасалған 112 шарттары бойынша мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, МКК аталған шарттарды ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №546 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды сулар қабылдау қағидаларының (бұдан әрі- Қағида) орыс тіліндегі нұсқасына сүйеніп жасасқан.
Департаментпен Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде, жоғарыда көрсетілген Қағидалардың орыс және қазақ редакцияларында сәйкессіздіктері анықталды.
Аталған кездесу нәтижесінде Қағидаларда анықталған терминдердің түсіну айырмашылықтары, сондай-ақ баптардың құрылымы мен нөмірленуіндегі сәйкессіздіктер туралы талқыланып, Департаменттің ұсынысы негізінде МКК кәсіпкерлермен жасалған 112 шарттарын, кәсіпкерлердің хабарламасы бойынша келісім шарттарды бұзу туралы шешім қабылданып, 112 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Департамент «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің жұмыс барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/979460?lang=kk
Жауап қалдыру