
⚡️Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес Республикада жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы өткізіледі.
🔹️Байқау номинацияларының бірі “Экологияға қосқан үлесі үшін” номинациясы болып табылады, ол қоршаған ортаны қорғау саласында ерекше көзге түскен үміткерлерге, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауды, қоршаған ортаға эмиссиялар көлемін қысқартуды, ҚР экологиялық заңнамасын сақтауды іске асыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы және ең үздік қолжетімді технологияларды қолданатын кәсіпорындарға беріледі.
🔸️Осы байқауға («Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы) қатысуға ниет білдірушілер «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің сайтында конкурстық өтінімдерді іріктеу материалдарымен танысып, конкурсқа қатысу үшін толтырылған материалдарды қағаз және электронды нұсқада 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жібере алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher-paidalanuy/press/news/details/980172?lang=kk
Жауап қалдыру