Бүгін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 сәуірде қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлының төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өтті.

Жұмыс сапарымен қалаға Ақмола облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы келді.

Күн тәртібінде проактивті форматқа көшу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, әлеуметтік әмиян енгізілуде. Бүгінде қалада Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ елді мекендерде қызметтерді қолайлы жағдайда көрсетуге бағытталған төрт «сервистік әкімдік» жұмыс істеп тұр. Жақын арада Қырыққұдық ауылында тағы бір «сервистік әкімдікті» ашу жоспарлануда. Басты мақсат — мемлекеттік қызметтерді мүмкіндігінше қолжетімді етіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен клиентке бағдарлануын қамтамасыз ету.

Кеңес барысында спикер қызмет көрсету тәжірибесі мен жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кеңес қорытындысы бойынша цифрландыру мен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру саласындағы басым міндеттер айқындалды. Сапар соңында Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметтерді алу және олардың сапасын жақсарту жөніндегі өтініштерді қарастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/979367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді