
Бүгін Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлікке тағзым” акциясы өтуде. Акция аясында қаланың жастары мен қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар бірлесе отырып, Жеңіс саябағындағы Сабыр Рахымов ескерткішінің маңын тазалады, абаттандырды.
Сабыр Рахымов – Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал, Кеңес Одағының Батыры. Ескерткіштің биіктігі – 4 метр 20 сантиметр, ал тұғырымен қоса есептегенде 7 метрден асады.
Сталиннің өзі «темір генерал» деп мойындаған Сабыр Рақымов 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ол 1945 жылдың наурыз айының 26 күні майдан даласында қаза тапқан.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/980502?lang=kk
Жауап қалдыру