
19 сәуір күні қаламызда осы көктемгі үшінші жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппараты Пушкин атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Саябақ аумағындағы қоқыс пен қураған бұтақтар, жапырақтар жиналды.
Қала тазалығы – ортақ іс. Сондықтан екіайлық науқанына белсене қатысып, өз ауламыздың, іргелес аумақтың тазалығын сақтайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/979994?lang=kk
Жауап қалдыру