
Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен 2025 жылдың 16 сәуірінен бастап Диас Әжіман Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Диас Қыдыраліұлы Әжіман 1996 жылғы 19 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Еңбек жолы:
2018-2019 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының есеп технигі;
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Құқық қорғау жүйесін, қорғанысты және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасы сарапшысы;
2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы;
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Бизнес ортаны талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2025 жылдың 16 сәуірінен бастап Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/980515?lang=kk
Жауап қалдыру