ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ: «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыкемер ауылында орналасқан Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы – орталықтағы ең ірі білім орда¬ларының бірі. Мұнда білімге құштар, талай жарыстардан суырылып алға шыққан талантты оқушылар білім нәрімен сусындауда. Ұлағатты ұстаздардан сапалы білім мен тәрбие алып жатқан биылғы жылдың мектеп бітірушілері мен 9-сынып оқушылары өнегелі істің басынан табылды. Олар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджіне қатысып, өз қолдарымен ағаш көшеттерін отырғызды. Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз алып, тал егу бір реттік қана шара еместігін алға тартып, аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Бұл бастама өскелең ұрпақты қайырымды істерге баулуға, олардың бойында қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Қолдарына күрек пен шелек алып, жас ағаштарды мәпелеп, тілектерін айтып отырғызған түлектермен бірге аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, Байзақ ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Сейдаханов, мектеп-гимназия директоры Гульбахрам Ермекова да ағаш отырғызуға қатысты.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/980435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді