Есікті теуіп, сындырып, 60 АЕК айыппұл арқалады: Астанада жыл басынан бері 40 вандал қамауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар тобы табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, 18 сәуір күні сағат 07:05 шамасында Есіл ауданында 21 жастағы азамат «Bar Wien» мекемесінің шыны есігін әдейі теуіп, бүлдіріп, материалдық шығын келтірді. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сол күні сағат 12:55 шамасында 39 жастағы азамат «LPG Дистрибьюшн» ЖШС Астана филиалына тиесілі үш сызықты индикатор модулін (газ құю станциясының дисплейі) әдейі қолымен ұрып, зақымдады. Оның заңсыз әрекетінен келген залал 125 000 теңгені құрады. Полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК бойынша жауапқа тартты.

Естеріңізге сала кетейік, елорда прокуратурасын үйлестіру кезінде «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында полиция органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, вандализмге қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Заң және тәртіп» нарративі аясында полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына бөтеннің мүлкін қасақана бұзу немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық іс-әрекет болмаса, 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынын ескертеді.
Полиция қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда, оның аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.

2025 жылдың басынан бастап 69 адам жауапқа тартылып, оның ішінде 44 адам қамауға алынды. Сол сияқты 25 адамға жалпы сомасы 3 955 440 теңге айыппұл салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/980378?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді