Кәріз құбыры төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Панфилов көшесіндегі ескі кәріз құбырларын ауыстыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда 12 жұмысшы және 2 арнайы техника жұмыс істеуде. Ұзындығы 273 метр, диаметрі 300 мм болатын жаңа құбыр төселді. Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, мердігер ретінде «Алмаз LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс атқаруда. Құбыр ауыстыру жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталуы үшін қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/980430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді