
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев облыстағы базар иелерімен кездесу өткізді. Жиынға кәсіпкерлер, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі бес базардың инфрақұрылымын жаңғырту, сауда алаңдарын заманауи талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ санитарлық жағдайды жақсарту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан көтерілген базар аумағындағы инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық түйткілдер талқыланды.
Тараптар өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірлесе талқылап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, базар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстар енгізді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/980296?lang=kk
Жауап қалдыру