Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Петропавл қаласы әуежайының жұмысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл қаласының әуежайына барып, нысанның жұмысын тексерді.

Әуежай басшылығы нысанды одан әрі дамыту жоспары туралы айтып, бейінді ведомствоның қолдауын қажет ететін бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда, әуежай басшылығы «Петропавл-Алматы» бағытын субсидиялау мерзімін одан әрі ұзарту, сондай-ақ келесі жылдан бастап «Петропавл-Ақтау» бағытын субсидиялау мәселесін көтерді. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесе пысықталмақ.

Талғат Ластаев басқарушы компанияға әуежайды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ол өңірдің географиялық орналасуын пайдаланудың маңызын атап өтті.

Бұған дейін өңір тұрғындары әуе рейстерінің кестесін өзгерту туралы өтініш білдірді. Жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін Көлік министрлігі бұл бағытта ұшатын Qazaq Air әуе компаниясымен келіссөздер жүргізді. «Астана-Петропавл» әуе рейсінің кестесі 2025 жылғы 11 мамырдан бастап өзгертіледі. Енді жұма және жексенбі күндері Астанадан Петропавл қаласына ұшу уақыты 15:30-ға, ал Петропавлдан елордаға ұшу 17:00-ге ауыстырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/980512?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді