Аудан әкімі Р.Мыңбаев көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы санитарлық тазалық, шөп шабу, ағаштарды әктеу сияқты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.
Сонымен қатар, 2025 жылға жоспарланған «Модернизация» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілетін 14 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен және жауапты мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында аталған үйлерде жоспарланған және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/979791?lang=kk
Жауап қалдыру