Конституция – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі: халықаралық конференциядан көзқарас

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияны С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұйымдастырды.

Конференция жұмысына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар, облыс прокуроры Алматы Байшулаков, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршінов, Г.Б.Мирзоев атындағы адвокатура және нотариат Ресей университетінің проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Людмила Букалерова, сондай-ақ Конституциялық Соттың судьялары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Конференция барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық қағидаттары: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекеттің іргетасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелерінің негізгі тірегі болып табылатынын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық экономикалық дамуға ғана емес, азаматтардың мемлекет институттарына деген сеніміне де нұқсан келтіреді. Тек конституциялық заңдылықты, құқық үстемдігін және жазаның бұлтартпастығын қатаң сақтаған жағдайда ғана нағыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыруға болады»,-деп атап өтті Денис Шакенов.

Ол сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау институттары мен жұртшылықтың тығыз өзара іс-қимылынсыз қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың мүмкін еместігін, ал Конституция бұл өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар Конституциялық қағидаттарды, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті одан әрі нығайту Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде орнықты дамуының негізі болып табылатындығымен келісті.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/979308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді