
2025 жылғы 18 сәуірде мәслихат төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен 28 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов,аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.
Сессияда депутаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасын бекітті.
Сонымен қатар, депутаттар «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/14 шешіміне өзгерістер енгізді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешім жобасы бекітілді.
Әрі қарай кадрлық өзгерістерге байланысты учаскелік сайлау комиссиясына өзгерістер енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/980141?lang=kk
Жауап қалдыру