Мамлют ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен, ауыл әкімдерімен, ҮЕҰ , қоғам өкілдерімен кездесу өткіздім

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅️ “Құқықтық сағат” барысында Мамлют ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен, ауыл әкімдерімен, ҮЕҰ , қоғам өкілдерімен кездесу өткіздім.
Мүгедектігі бар адамдар үшін адам құқықтары саласындағы стандарттар белгіленген негізгі халықаралық құжат болып табылатын Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау, адам құқықтары саласында мемлекеттің қандай міндеттемелері бар екендігі туралы “Адам құқықтары” ұғымы туралы айтып бердім.
Омбудсмен институты 2022 жылы конституциялық мәртебеге ие болғанын, өтініштер қандай жағдайда жіберілетінін, қарау тәсілдері мен мерзімдерін атап өттім. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудағы оң нәтижелер туралы айттым. Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің назарында.
Құқықтық сауаттылық-бұл адамға өзін және жақындарын әділетсіздіктен қорғауға көмектесетін құрал. Мониторинг жүргізуде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының рөлі белгіленді.
📌 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2024 жылғы қызметіне арналған жыл сайынғы баяндамасы жарияланды. Құжатта адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелер, келіп түскен өтініштер мен қабылданған шаралар қамтылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар берілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/979883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді