Маңғыстау облысында бес базар жаңғыртылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі сауда нарықтарының жаңғырту жұмыстары барысымен танысты.

2025 жылға дейінгі сауда нарықтарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында облыста 5 базарды жаңғырту көзделген. Ернұр Жәутікбаев аталған базарларды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың қазіргі жай-күйін тексерді.

Сала өкілі сауда нысандарын заманауи форматқа көшіру, санитариялық талаптарға сәйкестендіру және инфрақұрылымды жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аталған жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімі тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/980291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді