МАҚТААРАЛДА КӨКТЕМГІ КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Соңғы жылдары мақтааралдық диқандар қырыққабат өсірумен де ерекше көзге түсіп келеді. Жергілікті диқандардың өнімі бүкіл елге танылып, тіпті шетелдерге экспортталып жатыр.
Жалпы аудан бойынша ерте пісетін қырыққабат дақылы тамшылатып суғару технологиясымен 430 гектарға егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімдер жинала бастады. Қазірдің өзінде 1500 тоннаға жуық қырыққабат өнімі көршілес Рессей мемлекетіне экспортталды.
Қырыққабатты алғаш болып шығарған қожалықтардың бірі – Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елдімекеніндегі «Ережеп ата» шаруа қожалығы. Биыл мұнда 9 гектарға қырыққабаттың пекиндік манако Ф-1, 3 гектарға Фарао Ф-1 сорттары тамшылатып суғару технологиясы арқылы егілген болатын.
Бүгінде пекиндік манако пісіп жетіліп, өнім бастапқыда 250 теңгеден нарыққа шықты. Қазіргі таңда 170-190 теңге аралығында сатылуда. Аталған сорт гектарына 300 центнерден өнім беруде. Мақтаарал ауылдық округі Н.Есентаев елдімекенінде орналасқан «Агрогруз» өндірістік кооперативі қырыққабат қабылдау бекетін ашып, өнімді тікелей Ресейге жөнелтуде.
Ауданымызда апта соңына дейін қызылша өнімі де нарыққа жол тартатын болады. Мақтаарал ауылдық округі Н.Есентаев елдімекеніндегі «Сабыр» шаруа қожалығына қарасты 35 гектар жер болса, оның 7 гектарына қызылша, 10 гектарына қырыққабат, 13 гектарына қауын егілген. Қызылша бірер күнде пісіп жетіліп, қожалық басшысы өнімін 300 теңгеден саудалауды көздеп отыр.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында мақта егу науқаны да басталды. Биыл 35 мың гектардан астам алқапқа мақта дақылын егу жоспарланған болса, қазірдің өзінде 4 мың гектар алқапқа мақта шиті себілді. Оның ішінде 800 гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясы арқылы егілетін болады. Сонымен қатар, қыраққабат, бақша және күріш дақылдарына да тамшылатып суғару технологиясы енгізілуде.
Мақтаны тамшылатып суғару технлогоиясы арқылы егіп жатқан қожалықтардың бірі – Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Өнімкер елдімекенінде орналасқан «Согдиана» шаруа қожалығы. Мұнда отандық «BNK group» компаниясымен келісім-шартқа тұрып, 11,4 гектар аумаққа жаңа су үнемдеу технологиясын ендіріп жатыр. 1 гектарға 900 мың теңге шығын кетірсе, кеткен шығынның 80 пайызын мемлекет субсидиялап беруде.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/980106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді