
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Көкшетау қаласының Облыстық ауруханасының қабырғасында Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шара сыбайлас жемқорлық көріністеріне тұрақты төзбеушілікті қалыптастыру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» нарративі шеңберінде ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша Департаментінің өкілі Аманжол Құсайынов баяндама жасап, ұжымға медицина саласының негізгі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және олардың құқықтық салдары, жеке және ұжымдық жауапкершілік шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ қысым жасау немесе заңсыз пайда ұсыну кезіндегі мінез-құлық ережелерін ұсынды.
Соңында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнеролик көрсетті, әрқашан адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа тап болған кезде Департаментке немесе 1424 колл-орталығына хабарлауға шақырды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/979358?lang=kk
Жауап қалдыру