Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі қаулысы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді мыналар қабылдайды:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Қағидалардың 14 бабына сәйкес, Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктер (қажет болуына қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
4) порталда тіркелген жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;
7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;
10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы тамыздан кейін) куәліктердің мәліметтерін, меншік құқығында өздеріне тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтерді, мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкіметтің” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне алады.
Қағидалардың 15 тармағына сәйкес, тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 14 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
Қағидалардың 20, 21, 22 тармақтарына сәйкес, тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде өтініш берушіге төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі. Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады. Портал арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 23 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.
Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Сонымен қатар, Қағидалардың 23 тармағына сәйкес, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйдің құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлей алады. Тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеудің кестесі, шарттары және мерзімдері тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бұл ретте, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғын үйдің құнынан кемінде отыз пайыз мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғын үйдің құнын төлеу кестесінде бөліп-бөліп төлеуді ескере отырып, төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.
2024 жылдың 22 қарашасында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы қабылданды. Кейбір түзетулердің заңды күші бар, қалғандары заң қабылданған күннен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап сатып алу құқығы жоқ пәтерлерді жоғарыда сипатталған жалпы шарттармен жекешелендіруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-energy/press/news/details/980346?lang=kk
Жауап қалдыру