Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекке қою

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес реттеледі.

Заңның 69 бабына сәйкес,   осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:

 – есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

– есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

– өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;

– өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

– жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

– отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Заңның 67 бабына сәйкес,  Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

1-2) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына;

3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

2020 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекке қою процесін азамат kezekte.kz ақпараттық жүйеде ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады. Бұл жүйе мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың түрлі ақпараттық базаларынан мәліметтерді тартатын автоматтандырылған жүйе болып табылады.

 

Заңның 74 бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы қабылданды. Кейбір түзетулердің заңды күші бар, қалғандары заң қабылданған күннен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Отбасы банкі» АҚ ұлттық даму институты болып қайта құрылуда. Заң жобасы қабылданғаннан кейін 6 ай ішінде жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырылған жүзеге асыратын банкке берілетін болады. Базаны «Отбасы банк» АҚ-ға бергенге дейін кезекке қоюды қалалар мен аудандардың әкімдіктері kezekte.kz ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асыратын болады.

Заң жобасында жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, соғыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70%-ын беру көзделген. Бұдан басқа, осы санаттарда мемлекеттік қолдау шараларын алуға бірінші кезектегі құқық бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-energy/press/news/details/980300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді