
МҮСІРБЕК АЙТАШЕВ – “ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР”
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті.
“Атамекен” өнер ордасының мәжіліс залына жиналған алқаның алдында
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген ұйымның 2024 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады. Республикалық ардагерлер ұйымы кеңесінің үшінші Пленумының шешімі де аға буынның арқасына аз міндет артқан жоқ. Төраға бұл туралы да тоқталды.
Пленум жұмысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары қатысқанын айта кетейік.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің бір топ төрағалары Батыс Қазақстан облысының “Құрметті ардагері” төсбелгісіне болды.
Осындай марапатқа ие болғандардың қатарында журналист Мүсірбек Айташев та бар.
Мүсірбек Айташев ұзақ жылдар бойы “Сырым елі” қоғамдық – саяси газетінің редакциясында жемісті еңбек етіп келеді. Қаламының қуаты кетпеген әріптес ауылшаруашылық саласының тынысы, ел ішіндегі еңбек туралы шебер сюжеттер беріп жүр. Қарапайым шаруалар, еленбеген таланттар – журналист мақалаларының кейіпкерлері.
Мүсірбек Айташев бүгінде Сырым аудандық ардагерлер кеңесін басқарады.
Б. ШЕРІМ,
“Сырым елі”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/979549?lang=kk
Жауап қалдыру