
Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!
Өңірімізде тұратын барша христиандарды Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам шаттыққа толы көңіл күймен, рухани жаңғырумен және ерекше салтанатпен өтеді.
2025 жылы православ және католик Пасхасының бір күнге түсуі — әрі қасиетті Рамазан айынан кейін келуі – өте зор мәнге ие. Бұл — тазалық, ізгі істер мен дұғаларға арналған кезеңнен кейін келетін, бізді біріктіретін асыл рухани құндылықтар — сенім, құрмет пен мейірімділікке ұмтылудың белгісі.
Облысымызда әртүрлі ұлт пен дін өкілдері ел игілігі жолында тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Татулық, түсіністік пен келісім – қоғамымыздың берік негізіне айналды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қазақстан халқы түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрлерін бойына сіңіріп, төзімділік пен ашықтық рухымен қалыптасты. Сондықтан «алуан түрліліктегі бірлік» қағидасы – еліміздің басты құндылығы».
Пасха мейрамы өзара түсіністік пен бірлігімізді нығайтып, әр шаңыраққа береке, жан тыныштығы мен ертеңге деген сенім әкелсін!
Баршаңызға амандық, игілік пен молшылық тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/979894?lang=kk
Жауап қалдыру