
2025жылдың 16-18 сәуір аралығында облыстық білім басқармасының “Дарын”орталығының ұйымдастыруымен облыстық “Айбын -2025” әскери-патриоттық жиыны өткізілді.
Жарысқа Абай облысының барлық қала,аудандарының командалары қатысты.Музыкалық байқау,робототехникалар байқауы және белтемірде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, 3000 м жүгіру (ұлдар), 1000 м жүгіру (қыздар), әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату және АК-74 бөлшектеу және жинақтау бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыста үздіктер анықталды.
Жарыс қорытындысының жалпы командалық есебі бойынша Аягөз ауданының командасы жүлделі ІІ орын иеленіп,50000 теңгенің сертификатымен марапатталды.
АК-74 автоматын шашып жинаудан командалық ІІ орын,әскериленген эстафетадан ІІ орын,3000 м жүгіруден ІІ орын, арқан тартудан І орын, кермеге тартылудан командалық ІІ орын иеленсе,жекелей сындарда да оқушыларымыз жақсы өнер көрсетті.Айнажаров Әділет кермеде тартылудан Іорын,3000метрге жүгіруден Илиясов Нурбек І орын иеленді.
№6 орта мектебінің «Жас сарбаздар» сыныптарының жетекшілері Н.Нуржауов пен Ә.Ахметжановтың үлкен еңбектерінің арқасында командамыз жүлделі ІІ орыннан көріне білді.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктармен марапатталды.
Жетекшілерін және оқушыларымыз Гусманов Дастан,Ерғали Расул, Озыкенов Бексултан, Мейірханова Балым, Иливханова Сабина (Барлығы №6 ом), Айнажаров Әділет(№7 ом), Илиясов Нурбекті(Ақши ом) Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/979251?lang=kk
Жауап қалдыру