
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Текей Батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенттеріне Қазақстандағы Омбудсмен институтының құрылу тарихы мен қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, 2022 жылы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң қабылданғанын Уәкілдің қандай өкілеттіктері бар екенін және оның алдында қандай міндеттер тұрғанын тыңдаушыларға түсіндірді.
Сонымен қатар, Өкіл студенттерге адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтарын, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар саласындағы заңнамалық новеллалар және азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді.
Студенттермен кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша істері талқыланды.
Қоғамды құқықтық тәрбиелеуге арналған мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн.
Әрі қарай, колледж директоры Исаев Жәнібек Мырқыұлы колледждің жұмысымен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасымен таныстырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/980546?lang=kk
Жауап қалдыру