
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауісіздік басқармасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтудағы маңызына тоқталды.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың салдары тарқатылып, түсіндірілді. Өңірдегі әлеуметтік маңызды салалардағы мониторинг пен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерінен мысалдар келтірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейне-ролик көрсетілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң нормаларына түсіндірме берілді.
Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/980438?lang=kk
Жауап қалдыру