
“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, ақмолалық есірткімен күресушілер тыйым салынған заттарды өсірумен және дайындаумен айналысатын фитолабораториялар мен олардың ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Есіл қаласында өсімдік тектес есірткі заттарын заңсыз өндірудің кезекті фактісін есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тоқтатты.
Сәуір айының басында жедел қызметкерлер қарасораны егу және өсіру үшін фитолаборатория ұйымдастырған 40 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу амалдары кезінде есірткі полицейлері өсімдігі бар құмыраны, қажетті жабдықтар мен дайын өнімдерді: кептірілген марихуана пакетін тәркіледі.
Жүргізілген сараптама алынған заттардың салмағы 7,5 килограмнан асатынын көрсетті.
Фигуранттың айғақтарынан белгілі болғандай, ол фитолабораторияны біраз уақыт бос тұрған өз пәтерінде ұйымдастырған. Ол интернет арқылы алғашқы егін жинау үшін қажетті жабдықтар мен тұқымдарды сатып алды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігі (заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясына сәйкес, фигурант үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/979422?lang=kk
Жауап қалдыру