
Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Под салютом Великой Победы»балалар бейнелеу шығармашылығы атты қалалық байқауын өткізді.Мақсаты-патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, ел тарихын білу, өскелең ұрпақтың атаулы күнді мерекелеуге қатысуы.Байқауға 9-16 жас аралығындағы 135 бала, қаланың № 17, 41, 18, 39, 43, 7, 27. 11, 33, 14, 30, 40, 29, 24, 46, С. Торайғыров атындағы, Кенжекөл ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ш. Шөкин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А. Әуезов атындағы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының, «Алтай – Павлодар»оқу орталығының, IQб ілім беру-дамыту орталығының тәрбиеленушілері, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.
– Қатысушылардың жұмыстарында соғыс қимылдарының, бейбіт өмірдің сюжеттерін, Ұлы Отан соғысы батырларының портреттерін, соғыс туралы натюрморттарды көруге болады, – дейді қазылар алқасының төрағасы Александр Владимирович Шитов.
Жұмыстар 9 – 10 жас, 11 – 12 жас, 13 – 16 жас аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелері қатысушылары арасында қарастырылды. Байқау қорытындысы бойынша 18 қатысушы I, II, III дәрежелі дипломанттар атанды.
Байқаудың І дәрежелі дипломанттары 6 қатысушы болд. Олар: Елохина Мария, 9 жаста, № 27 мектептен гуашь техникасындағы «Уақыт» жұмысы үшін, Кромер Карина, 12 жаста «Санитарка» жұмысы үшін (№ 14 ЖОМ), Беимбетова Зейнеп, 13 жаста аралас техникадағы «Майданнан хат» жұмысы үшін (№ 46 ЖОМ), балалар көркемсурет мектебінің оқушылары-Небогатов Глеб, 9 жаста «Жеңіс күні» жұмысы үшін, Смағұлова Руслана, 12 жаста, «Жеңіс шеруі» жұмысы үшін, Зикенова Амина, 14 жастағы гуашь техникасындағы «Мәншүк пен Әлия – Қазақстан батырлары» жұмысы үшін алды.
– Мен байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнадым. Онда мен анасы ұлынан көптен күткен майданнан хатты қалай алғанын салдым. Бұл сурет арқылы ұлдарының майданнан келмегендігі туралы аналардың қайғысын сезінуге болады, – дейді Беимбетова Зарина.
Байқаудың ІІ дәрежелі дипломанттары А.Байтұрсынұлы атындағы,№ 43, 39, балалар көркемсурет мектебі, «Жігер» орталығының 9, 11 – 12, 14 жастағы 6 қатысушы болды. Олар «Соғыс және бейбітшілік», «Ардагер гүлдермен», «Тырналар ұшуда», «Біздің жүрегіміздегі Жеңіс», «Соғыс», «Жеңіс натюрморты» шығармаларын ұсынды.
А.Байтұрсынұлы атындағы, Ш. Шөкин атындағы, № 40 мектептердің, «Алтай – Павлодар» оқу орталығының, балалар көркемсурет мектебінің 9, 11 – 13, 15 жастағы 6 оқушысы байқаудың ІІІ дәрежелі дипломанттары атанды. Олар «Еліміздің заманауи қорғаушысы», «Жеңіс», «Проводы», «На привале», «Бұл Жеңіс күні», «Азаттық» жұмыстарын ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/979542?lang=kk
Жауап қалдыру