ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАС САҚШЫЛАРҒА ДӘРІС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспектолары Қылышбек Тұрмағанбетов пен Ғалымжан Шонықбаев «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жас сашыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
№1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған «Жас сақшылар» сыныбының оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг, лудомания, зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткінің болашақ үшін қаупі жайлы, скутер, электромобильдер, самокаттарды арнайы жүргізуші куәлігінсіз тізгіндеуге болмайтындығы жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ экран арқылы жол қозғалысының негізгі қағидаларын түсіндіріп, қауіпсіз жүріп-тұрудың ережелерін айтты. Шара барысында полицейлер жасөспірімдермен біргелікте жаяу жүргіншілер өтетін орындардан өтіп, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндірді.
«Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы — полиция қызметінің “Заң мен Тәртіп” қағидасын жүзеге асыру жолындағы маңызды көрсеткіштерінің бірі.Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға сеп болары анық», – дейді полиция инспекторы Қ.Тұрмағамбетов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/979318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді