
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Шара Қарағанды облысы әкімінің, этномәдени бірлестіктер, қоғам және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға этномәдени бірлестіктерді тарту, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту, заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім идеологиясын насихаттау жиынның өзекті тақырыптарының бірі болды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуының нақты тетіктері талқыланды.
Шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен қоғамдық бақылауды нығайтудағы бірлескен және белсенді жұмысы үшін этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдеріне, сондай-ақ Департаментінің превенция басқармасының қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/979134?lang=kk
Жауап қалдыру