Қарағанды – Теміртау тас жолында ақауларды жою жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды – Теміртау автожолында ақауларды жою жұмыстары басталды. Мердігер ұйым 240 бетон плитаны ауыстырып, жалпы ұзындығы 11 712 метр цемент-бетон жабынындағы жарықтарды жоюы тиіс. Жалпы 15,6 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

– Мердігер 14 сәуірде жұмысқа кірісті. Оларды жазғы құрылыс маусымында аяқтау жоспарланған. Жүргізушілерден қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ облыстық филиалы директорының м.а. Рафаэль Бектеміров. – Жөндеу жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өткім келеді. Мен өзім күн сайын учаскеде боламын.

Қарағанды – Теміртау тас жолы елорданы елдің оңтүстік өңірлерімен қосатын Орталық – Оңтүстік маңызды көлік дәлізінің бөлігі болып табылады. Жұмыс уақытында жекелеген учаскелерде қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі, алайда жолды толық жабу жоспарланбаған.

Еске сала кетейік, Қарағанды – Теміртау тас жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған болатын. Цемент-бетон төселгеннен кейін бір жылдан соң жолда жарықтар пайда бола бастады. Содан бері трасса жүргізушілер тарапынан үнемі наразылық тудырып келеді.

Жабын төсеуді жүзеге асырған мердігер ұйымдар жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен «СЕЙСЕР» ЖШС банкрот деп танылғаннан кейін ақауларды жою бойынша міндеттемелер «ПРОГРЕСС KZ» ЖШС-ге өтті, ол да Қарағанды – Теміртау автожолын қайта құруға қатысқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/980103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді