
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Чунцин қаласында (ҚХР) өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынасын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.
Миссияға қатысу үшін 2025 ж. мамырдың 2-сі күні сағат 15:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/MPq5wfab8SZgi24a7.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 705 156 96 31, +7 778 418 06 61.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/980441?lang=kk
Жауап қалдыру