
Өткен демалыс күндері Астанада әуесқой футбол лигасы аясында жарыстар өтті және құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіретін “FC Qazyna” құрама командасы 1-ші орынды иеленді!
Бұл – тарихи жетістік! Алғаш рет Қаржы министрлігінің құрама командасы футболдан осындай жарқын жеңіске жетті.
Жеңімпаз команданың негізгі үлесін құрған Мемлекеттік қазынашылықтың қызметкерлері екендігі ерекше мақтаныш тудырады. Олардың барлығы кәсіби спортшылар емес, нағыз энтузиастар, мемлекеттік қызметкерлер және футбол әуесқойлары, олар керемет ұйымшылдықты, жеңіске деген ерік-жігерді және спортқа деген сүйіспеншілікті көрсетті.
“Qazyna” командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және ведомствоның спорттық аренада көрсеткен өнеріне алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/980393?lang=kk
Жауап қалдыру