Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақтар тазалануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында жалпықалалық сенбілік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, оқу орындары мен қала тұрғындары белсене қатысып, қаланың әр аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында рұқсат етілмеген жерлерге төгілген қоқыстар жиналуда. Бұл қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қаланың көркін де бұзады. Осыған байланысты тұрғындармен жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, түсіндіру және алдын алу шараларын жүргізуде.

Айта кету керек, 2023–2024 жылдары «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының космомониторинг деректері бойынша Семей қаласы аумағында 380-нен астам рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталған. Тазалық – әрбірімізден басталады!

Қаланы таза ұстау – ортақ міндет. Сенбілікке қатысып, туған қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/979926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді