
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, онда әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтар жалдамалы тұрғын үйде тұрудың қиындығы, әлеуметтік осал топ өкілі ретінде тұрғын үй алу кезегінде көп жыл бойы жылжымай тұрғаны, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі қиындықтар туралы айтты.
Бұдан бөлек, Алматы облысының тұрғындары өңірлік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және инженерлік желілерді жаңғырту мәселелерін қозғады. Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру, атап айтқанда, ауылдық жерлерде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Қуандық Қажкенов барлық өтініштерге тиісті назар аударылатынын атап өтіп, бірқатар мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен уәкілетті құрылымдарға нақты тапсырмалар берілетінін мәлімдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/979446?lang=kk
Жауап қалдыру