
Құрметті Қарағанды қаласының шағын, орта және ірі кәсіпкерлері!
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының
басталғанын хабарлайды.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін коғам алдындағы өздерінің, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін
калыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау 4 номинациядан тұрады:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»,
«Еңбекті корғау саласындагы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт»,
«Экологияға қосқан үлесі үшін»
Республикалық байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады. Байқауға қатысу тегін.
Үміткерлер өз материалдарын кағаз түрінде
және электронды форматта аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті аткарушы органдарына жолдайды. Өткізілетін іс-шаралардың
маңыздылығын ескере отырып, қаламыздың барлық кәсіпкерлерін
«Парыз» байқауына белсенді қатысуына шақырамыз!
“Парыз 2025” конкурсына өтінімдер 2025 жылғы 15 маусымға дейін қағаз және электрондық түрде қабылданады.
Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін, Чкалов көшесі, 7 құрылым, 301 кабинет, 3 қабат (телефон нөмірі: 95-56-01) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүгінуді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/979389?lang=kk
Жауап қалдыру