Семей қаласының делегациясы «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі өтуде. Жиынға Семей қаласының делегациясы да қатысуда.

Фестиваль аясында Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Президент «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

«Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/980322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді