
Түркістан қаласында 2025 жылғы 15-18 сәуір күндері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Еңбек кубогы» спартакиадасына Шығыс Қазақстан облысының командасы қатысты.
⚫️ «Тоғызқұмалақ» спорт түрі бойынша «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы;
♟️🏓 «Шахмат» және «Үстел теннисі» спорт түрлері бойынша «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жоғары IT колледжінің командасы;
🏐 «Волейбол» спорт түрі бойынша (қыздар арасында) «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғары колледжінің командасы;
🏐 «Волейбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы;
🏀 «Баскетбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Көлік және тіршілік кауіпсіздігі колледжі» МЕМ колледжінің командасы қатысты.
🥇Нәтижесінде ұлдар арасында «Волейбол» спорт түрі бойынша жүлдері І орынды «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы,
🥈«Тоғыз құмалақ» спорт түрі бойынша ІІ орынды «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы иеленді.
✊️ Жеңімпаздарды құттықтаймыз, келешек жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/980283?lang=kk
Жауап қалдыру