«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 сәуір күні, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маманы Қ.Байғалиеваның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара Қапал ауылдық округіне қоғамдық жұмысқа қатысып жүрген қызметкерлерімен өтті. Шара барысында Қ. Байғалиева тақырып бойынша баяндама жасап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ бойынша түсіндіріп өтті.
Атап айтсақ:
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заң – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/979920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді