Табиғи аумақтарда орман-дала өрттерін сөндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт қауіпті  маусымның өтуіне байланысты облыста орман  және дала өрттерінің алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды.

2025 жылғы 16 сәуірде  Атырау қаласында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында дала  – қамыс өрттерін сөндіру бойынша өрт – тактикалық жаттығу өтті.

Аталған жаттығу орманды дала өрттерін бірлесіп жою кезінде тәжірибе алмасу, Атырау облысы ТЖД мен «Ақжайық» МТР жазғы өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кіші жүйесінің мүмкіндіктерін үйлестіру және әзірлеу,  төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл тәртібін пысықтау,  өзара іс-қимыл және жою мәселелерін практикалық пысықтау мақсатында өткізілді.

Шартты өртты сөндіруге Атырау облысы ТЖД 35 қызметкер, 6 бірлік техника, «Ақжайық» МТР, Атырау қаласының Дамбы, Атырау, Алғабас, Еркінқала селолық округінің ерікті өрт сөндіру жасақтарынан барлығы 105 адам және 21 техника қатысты.

Жаттығу соңында талдау жасалып, барлық тараптың өкілдері бірлесіп өткізген оқу-жаттығуға оң бағаларын берді.

 

Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/980155?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді