Талдықорғанда кадеттермен қылмыстың алдын алу бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмысқа қарсы бөлім бастығы, полиция подполковнигі Нұрболат Төлебаев Талдықорған қаласындағы №18 мектепте «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптастыру. Кадеттермен әңгіме барысында подполковник Төлебаев ұрлық пен есірткіге қатысты қылмыстардың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, нақты мысалдар келтірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/979221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді