ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Ауыл тазалығы – баршаға ортақ іс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданымызда қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр сенбі сайын сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгін “Таза Қазақстан” акциясы аясында, Сарыкемер ауылындағы “Отбасы” аллеясына қарама-қарсы жол бойында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары өткізілді. Сенбілікке аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат ұжымы, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Ретсіз өскен шөптер шабылып, қураған бұтақтар кесілді және күл-қоқыстар тазартылды. Сондай-ақ, тазалық шарасына аудан әкімі және орынбасарлары қатысып, аллеяны аралап, жұмыс барысымен танысты. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/980424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді