ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА  800-ДЕН   АСА  АДАМ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы ретте, Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамасымен қолға алынған  «Таза Қазақстан»  экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында  сенбілік  жұмыстары жүргізілуде.

 

Жалпы тазалық шарасында  аудан  аумағын толық қамтылып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазаланып, шөптері орылды.  Оған қоса, арық-атыздар тазаланып,әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы қатты –тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған қоқыс полигондары ретке келтірілді.  Сенбілікке 800-ден аса адам  бір кісідей атсалысып, 5 арнайы техника жұмылдырылып, 6 тонна қоқыс шығарылды.

 

Жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.

Барша  аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/979633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді