
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде құқықтық насихатты үйлестіру шеңберінде, «Заң және тәртіп» қағидаттарын ақпараттық жариялау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен және облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Дос-Нар» сауда орталығында «Тегін заң көмегін көрсету күні» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін түсіндіру.
Іс-шараның соңында Әділет департаментімен азаматтарға сауалнама жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/979650?lang=kk
Жауап қалдыру