ТҮРКІСТАН: АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЕҢБЕК» КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЕҢБЕК» КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

✔️Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спорт додасына Қазақстанның 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық студент қатысты. «Керуен сарайы» көпсалалы кешенінде өткен марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Ғарифуллаұлы мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды мараппатады.

✔️– Бүгін бәріміз ерекше сәтке куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Еңбек кубогы» республикалық спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі кеп жетті. Сіздерді ауқымды шараның табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, республикалық спартакиаданың ресми ашылуына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің бас ұстазы өз сөзінде спартакиаданың өткізілуіне Түркістанның таңдалуы – жастарымызды тек спорттық сайысқа емес, елжандылыққа, рухани тәрбие мен тарихқа тағзым етуге бастайтын маңызды қадам екенін атап өтті. Расында да жарыстың қасиетті Түркістан қаласында өткізіліп отырғаны зор маңызға ие болды , – деді Әсет Ғарифуллаұлы.

✔️Спорт сүйер студенттер спартакиадада спорттың 6 түрінен 5 күн бойы өзара бақ сынасты. Жалпы командалық есеп нәтижесінде, үздік үштіктер қатарына Маңғыстау облысы кірді. Жүлделі екінші орынды Қарағанды облысы алды. Ал жеңімпаз топ – Алматы қаласы деп танылды. Спорттың барлық түрінен үздік өнер көрсеткен алматылық командаға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кубокты табыстады.

✔️Спартакиада қатысушыларына қолдау бірқатар кәсіпорындар демеушілік көрсетті. «Шаркул Фуд» ЖШС, «Daily Food ltd» ЖШС кәсіпорны үздік деп танылған студенттерге ақшалай сыйақы табыстады. Түркістан облысының мәслихаты мен Полиция департаменті атынан балаларға алғыс хат берілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 3 студентке ректор грантын сый етті. Халықаралық туризм және меймандостық университеті де 2 студентке тегін жоғары білім алуына сертификат берді. Бұдан бөлек, өңірдегі «БӨРТЕ МИЛКА» ЖШС, «KAZPLAST», «SERT» , «Сулайманов», «Хантекс», «Agotur», «Жерсыйы», «⁠Қалдыбай», «Нұржан», «Ақсүт» шаруа қожалықтары бірқатар студенттерді жұмысқа қабылдау жолдамасын ұсынды.

✔️Түркістан төріндегі спартакиаданың марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды.

✔️Айта кетейік, 5 күнге жалғасқан спартакиада студенттер өзара баскетбол, шағын футбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды спорт түрлерімен бақ сынасты. 2026 жылы «Еңбек» кубогы жалғасын тауып, Алматы қаласында өткізілмек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/980304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді