
Семей қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара қалалық Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мерекелік концерт қойылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етудегі еңбегіне алғысын білдірді.
«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қаланың жылу, су, жарықпен қамтамасыз етілуі, тазалығы мен абаттандырылуы қамтамасыз етіліп келеді. Бұл – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруінің кепілі», – деді қала әкімінің орынбасары.
Салтанатты шара барысында салада ұзақ жылдар еңбек етіп, өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге қала әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/979911?lang=kk
Жауап қалдыру