«Үздік экологиялық старт-ап жоба»: «Faceplate»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Үздік экологиялық старт-ап жоба» номинациясында  «Faceplate» жобасы жеңіске жетті, Қазақстандық  IT компания энергетика саласындағы цифрлық трансформациялар аясында қызмет етеді.

Бұл күн және жел станцияларының жұмысын қазіргі сәтте бақылауға және басқаруға арналған инновациялық платформа.

Ол жаңартылатын энергияны біртұтас  «ақылды» желіге біріктіреді, жасыл энергияны пайдалану тиімділігін арттырып, шығындарды және CO₂ шығарындыларын азайтады.

“Біздің жоба энергетиканың цифрлық трансформациясына ықпал етеді және «Таза Қазақстан» бастамасының төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі мақсаттарына сәйкес келеді. Faceplate жобасы энергия жүйесінің тиімділігін арттыруға, электр энергиясының шығынын азайтуға, жаңартылатын энергиямен интеграцияны құруға, сондай – ақ шығарындылар мен көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Faceplate бизнесті дамыту жөніндегі директоры-З.Ахметжанова.

Сонымен қатар, экологиялық стартаптар аймағында тағы 8 жоба ұсынылды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев судың ғылыми-технологиялық орталығының стендіне ерекше тоқталды – бұл Шымкент, Қостанай және Петропавлда жүзеге асырылып жатқан хлорелла балдырларының көмегімен ағынды суларды тазарту жобасы. Соның арқасында парниктік газдар шығарындылары 51 000 тоннаға азайды.

Таныстырылған стартаптар «Таза Қазақстан» бастамасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, өмір сүру сапасын жақсартуға, экологиялық тәуекелдерді азайтуға және еліміздің технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/980228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді