
Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметкерлері арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуы бойынша, психологиялық сауаттылықты арттыруға, дағдарыстық жағдайларды ерте тану дағдыларын дамытуға және ұжымда өзара ауызбіршілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тренинг пен дәріс өткізілді.
Құтқарушылар «Қолдау ағашын» жасап, оның тамырларына жеке тіректерін (отбасы, сенім, борыш) жазып, бұтақтарына бір-біріне арналған мотивациялық сөздер қалдырды. Бұл жұмыс бөлімінде қалдырылып, әрқайсысы басқаға тірек бола алатынын еске салады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында теологтар сөз сөйлеп, терроризм психологиясы тақырыбын ашып көрсетті. Олар дағдарыс пен деструктивті идеяларға қарсы тұруда рухани және моральдық құндылықтардың маңызы жайлы ой бөлісті.
Кездесудің соңында қатысушылар басты нәрсені атап өтті: біз — жай ғана ұжым емеспіз, біз — командамыз.
Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/980406?lang=kk
Жауап қалдыру