Ысқақ Балықбай 1924 жылы 5 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ысқақ Балықбай 1924 жылы 5 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген.1943 жылы ол 115-атқыштар дивизиясының сарбазы болды. Ардагердің әскери қызметі 61-ші армия құрамына өтті. Ысқақ Балықбай Беларусь, Латвия, Румыния және Венгрия аумақтарындағы шайқастарға, сондай-ақ Польшаны азат етуге қатысты. Ардагердің ең жарқын естеліктерінің бірі Австрия тауларында Жеңіс күнін қарсы алған оқиға болды. Бұл күн оның жадында мәңгі қалды. Соғыстан кейін Ысқақ Балықбай қызмет еткен бөлім Қиыр Шығысқа ауыстырылды. Қазақстанға 1947 жылы ғана оралды. Шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ол III дәрежелі Даңқ орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ташкенттегі милиция мектебінде оқығаннан кейін Ысқақ Балықбай туған өңірінде ішкі істер органдарында қызмет етіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге елеулі үлес қосты. Ысқақ Балықбай жасы 101 – ге қараған шағында 8 сәуір 2025 жылы көз жұмды . Артында қалған балаларына, туған – туыстарына көңіл айтамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/980482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді